Басқы бет  |     Автор     |  Бағдарлама  |  Онлайн тест   |    Сұхбат  |  MS Office
 

 9. ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ

    Программа дегеніміз:
•қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм
•компьютерге қажетті командалардың жиынтығы
Команда – компьютер орындауға міндетті әрекеттің өрнектелуі.
• алғашқы мәліметтерді қайдан алу керек?
• олармен қандай амалдар орындау керек?
Программалау тілдері
•Машинаға бейімделген (төменгі деңгейлі) – әрбір команда процессордың бір командасына сәйкес келеді (ассемблер)
•Жоғарғы деңгейлі тілдер – кәдімгі табиғи тілге(ағылшын тіліне) ұқсайды, адамның түсінуіне оңай, бір ғана компьютерге тәуелді болмайды.
•Жаңадан үйренушілерге: Бейсик, ЛОГО, Паскаль
•Кәсіби: Си, Фортран, Паскаль
•Жасанды интеллект тапсырмалары үшін: Пролог, ЛИСП
•Интернет үшін: JavaScript, Java, Perl, PHP, ASP
• берілгендердің әр түрлі құрылымдары(массивтер,     құрылымдар, жиымдар)
Программа қандай бөліктерден тұрады?
program <программаның аты>;
const …;{тұрақтылар}
var …; {айнымалылар}
{ процедуралар мен функциялар }
begin
… {негізгі программа}
end.
Фигуралық жақшаның ішінде орналасқан түсініктемелер программамен өңделмейді. Программа қандай бөліктерден тұрады?
Тұрақты – өз атауы болатын, өзгермейтін шама .
Айнымалы – өз атауы (жад ұяшығы)болатын,   өзгеретін шама.
Процедура – кейбір әрекеттерді сипаттайтын қосалқы алгоритм (мысалға шеңберді салу).
Функция – есептеулерді орындайтын қосалқы алгоритм (квадрат түбірді табу, sin).
Программалар, тұрақтылар, айнымалылар атауы
Атауларды сипаттағанда
•латын әріптерін (A-Z)
Бас әріптер мен кіші әріптердің арасында айырмашылық болмайды
•сандарды
Атаулар санмен басталмауы керек
•астын сызу белгісін  _   қолдануға болады
Атауларды сипаттағанда
•орыс, қазақ әріптерін
•бос орындарды
•жақшаларды, +, =, !, ? белгілерін және т.б.                                                      қолдануға болмайды
Қай атаулар дұрыс жазылған?
AXby    R&B    4Wheel    Вася    “PesBarbos”  TU154    [QuQu]     _ABBA    A+B

Тұрақтылар
const
i2 = 45; { бүтін сан }
pi = 3.14; { нақты  сан }
бүтін және бөлшек бөліктері нүктемен ажыратылады
qq = 'Вася'; { символдар қатары }
орыс, қазақ әріптерін қолдануға болады!
L  = True; { логикалық шама }
екі мән қабылдай алады:
• True (ақиқат, «иә»)
• False (жалған, «жоқ»)
Паскаль тілінде программа үш бөліктен: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
Программаның тақырыбында программаның аты жазылады, мысалы:
Program ESEP;
Сипаттау бөлімінде:
•кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі;
•белгілерді сипаттау бөлімі;
•тұрақтыларды сипаттау бөлімі;
•типтерді сипаттау бөлімі;
•айнымалыларды сипаттау бөлімі;
•процедуралар мен функцияларды сипаттау бөлімдері   болуы мүмкін.
Кітапханалық модульдерді сипаттау бөлімі USES түйінді сөзімен басталып, сипаттау бөлімінде басқаларынан бұрын жазылуы керек. Программада қолданылатын модуль атауларының саны бірнеше болса, олардың арасы үтірмен ажыратылып жазылады.
uses CRT, Graph;
Программадағы кез келген операторды белгімен белгілеп қоюға болады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады. Белгі ретінде төрт цифрдан аспайтын кез келген санды немесе сөздерді қолдануға болады. Оператор тек бір белгімен ғана белгіленеді. Бір белгі бірнеше операторды белгілей алмайды. Белгілер операторлар бөлімінде сол оператордың алдына жазылып, арасы қос нүктемен ажыратылады. Сипаттау бөлімінде белгілер label түйінді сөзінен кейін жазылады. Мысалы:
label 3, 471, 29, Quit;
Программадағы тұрақтылар өз мәнімен (мысалы, 5,14,13.5, т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы берілуі мүмкін. Тұрақтылар өз атауы арқылы берілсе, онда оның атауын жаза отырып программаның кез келген жерінде пайдалануға болады, бірақ оның атауы мен мәні тұрақтыларды сипаттау бөлігінде төмендегідей түрде көрсетілуі тиіс. Мысалы:
const p=3.14;  e=2.7;  a=’bol’;  max=1000;
Айнымалыларды сипаттау бөлімінде программада қолданылатын барлық айнымалалыларды және олардың типтерін көрсету қажет:
var  P,Q,R: Integer;
A,B:   Char;
F1,F2: Boolean;

 
 
©Өмірбек Қыдырбекұлы.2010