Басқы бет  |     Автор     |  Бағдарлама  |  Онлайн тест  |    Сұхбат  |  MS Office
 

 7. МӘЛІМЕТ    ТИПТЕРІ

   Паскаль тілінде нақты тұрақтылылар екі түрде жазылады: -сандардың үтірлері өзгермейтін түрі - m, мысалы, 25.3 ,5.0,-16.25, т.с.с.; -сандардың үтірлері өзгеретін түрде жазылуы mЕ Р, мұндағы m-шартты мантисса (сан), Р-10-ның дәреже көрсеткіші (бүтін сан). Мысалдар. Математикада берілуі Паскаль тілінде жазылуы 03 4Е 3 0,62*104 0.62Е +4 2 .15Е+12 Нақты айнымалы. Нақты мәнді қабылдайтын айнымалыны бейнелеу үшін REAL қызмет сөзі пайдаланады. Бүтін және нақты тектерді арифметикалық тек дейді. Нақты тектегі шамаларға div және mod амалдарынан басқа барлық арифметикалық амалдарды орындауа болады. Нақты сандарды диапазоны –1Е38-ден 1Е38-ге дейін. Мантиссасын 11 мәнді цифрға дейін алуға болады. Нақты сандардың бейнелеу түрі: атау, атау,…,атау: real. Нақты айнымалылардың мәндерін ЭЕМ жадында орналастыру үшін 6 байт орын қажет. Логика тек. Логикалық айнымалы (BOOLEAN) –TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің бірін қабылдайды. Логикалық берілгендер шартты тексеруге жиі пайдаланылады, логикалық шарттарды жазу үшін <, <= , = , <> (тең емес) , > белгілері пайдаланылады. Мысалы, 5>3 нәтиже –TRUE; 5=3-нәтиже FALSE. Логикалық шамаларға мына амалдарды қолдануға болады: OR -логикалық қосу (или- немесе); AND -логикалық көбейту (и-және); NOT -жоққа шығару (не-жоқ). Логикалық текті шамалар былай бейнеленеді: атау, атау,…,атау, boolean; Мұнда айнымалы мәніне ЭЕМ жадына 1 байт орын беріледі. Символдық тектер. Символдық тұрақтылылар екі апостраф ішіне алынып жазылады.Мысалы, ‘A ‘, ‘ +‘, ‘9 ‘, қосынды s= ‘ , ‘ x= ‘ және т.с.с. Символдық айнымалылар. Символдық айнымалылардың тегін көрсету үшін Паскаль тілінде CHAR қызмет сөзі пайдаланады. Символдық шамалар былай бейнеленеді: атау, атау,...,атау: char;

 
 
©Өмірбек Қыдырбекұлы.2010