Басқы бет  |     Автор     |  Бағдарлама  |  Онлайн тест   |    Сұхбат  |  MS Office
 

 6. ТІЛДІҢ   ҚАРАПАЙЫМ   ОБЪЕКТІЛЕРІ

   Тілдің алфавитін көп жағдайларда тілде пайдаланатын символдар деп те атайды. Тілдің жеке символдары  арқылы тілдің белгілі мағынаны білдіретін сөздері мен  сөйлемдері  құрастырылады. Текістегі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұру үшін бос орын (_-пробел) немесе әртүрлі бөлгіш белгілері (жақша,қос нүкте,және т.с.с.) пайдаланылады. Бір сөзден екінші сөзді ажырату үшін бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады.        Орындайтын міндеттеріне байланысты, сөздерді: қызмет сөздері, атаулар және тұрақтылар деп бөледі.   Қызмет сөздері. Мағынасы алдын ала анықталып қойылған, Паскаль тілінде пайдаланылатын сөздер тобын Паскаль тілінің қызмет сөздері дейді. Мысалы, PROGRAM, VAR, BEGIN, END және тағы басқалар.Қызмет сөздерінің толық тізімі 1-қосымшада көрсетілген. Атау (интификатор). Атау бір обектіні белгілеуге арналады.Паскаль  тілінде атауды стандартты атаулар және пайдаланушылар атаулары деп бөлінеді.       Стандартты атаулар – стандартты обектілерді (стандартты функциялар, стандартты программалар және т.с.с.) белгілеуге арналады. Мысалы, енгізу –READ, шығару-WRITE,(INPUT,OUTPUT) және т.с.с. Стандартты атаулардың  толық тізімі №2  қосымшада көрсетілген.       Пайдаланушылар  атаулары ретінде   әріптен басталатын кез келген әріптер  мен цифрлар тізбегі, сөздер тіпті сөйлемдер  алынады. Мысалы,SUMMA,A,R,A5,AB, S4,B16F және т.с.с. Пайдаланушылар атаулары үшін  стандартты атаулар пайдалануға болмайды. Егер атаулар біреу немесе бірнеше  сөзден құралса, онда олар бірге жазылуы қажет, мысалы,kesuzhyldamdygy, мұнда атау екі сөздент құралған: kesu  zhyldamdygy. Бұлардың бірге жазылған себебі- бос орын, сызықша, қос нүкте және т.б. әріпке де, цифрға да жатпайды, сондықтан оларды атау ішіне енгізуге болмайды.Атау бірнеше сөзден тұрса, олардың арасына  төменгі сызықты пайдалануға болады. Мысалы, MODUL_IUNGA және т.с.с.          Қате жазылған атаулардың кейбір түрлерін  көрсетелік: (SUMMA)  -атауда “(“ , “)”  пайдаланылады.  CASE         -атау үшін қызмет сөзі пайдаланылады. 8A              -атау әріптен басталады. MA-4         -атауда сызықша пайдаланады. K5              -атауда бос орын пайдаланылады.        Берілгендердің элементтері. Паскаль тілінде берілгендердің  элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады.        Паскаль тілінде тұрақтылар  деп алдын ала мәні берілетін, программа орындалуы  барысында  мәндерін  өзгертпейтін шамаларды айтады. Ал программа орындалуы барысында  мәндері өзгеріп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді.      Түсініктеме. Программаға, оның бөліктеріне  немесе жеке  операторларға түсінік беру үшін түсінік пайдаланылады. Паскаль тілінде түсініктеме “(* “және“ )”  ішіне алып жазылады. Мысалы, (*квадрат теңдеуді шешу*).

 
 
©Өмірбек Қыдырбекұлы.2010